«Жастар рухы» трансформацияға дайын

564
көрілім

4 күнге созылған «AMANAT» партиясы Жастар қанатының кезектен тыс VI Съезді әр аймағымыздан жиналған 350 делегатпен толықты. Бұл жиын алғаш рет нетворкинг форматында ашық алаң астында өткізілді. (Ақмола облысының Зеренді ауылында)
Ешқандай жасанды сөздер мен әурешіл ұрандарсыз өткізілген бұл Съезд білім беру тренингтері және креативті жастар алаңдарымен жалғасын тапты.

Айта кету керек, жай ғана ұйымның атауы өзгермеді ішкі құрылымы жаңа жастармен толығып, жаңа жастар бағдарламасын қалыптастырды. Бағдарламалар әр азаматтың өзінен бастау алатын модернизацияларға толы екендігін көрсетті. Жастар қанатының трансформациясы – ішкі партиялық реформаның заңды жалғасы. Негізгі басымдықтары орталықсыздандыру мен бюрократияны жою болып табылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен елімізде алғаш рет арнайы жастар ұйымына үндеу жарияланды. Бұл артылған сенім, зор жауапкершілік деп білемін.
Съезд жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Е.Ж. Қошанов және ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Е.Л. Тоғжанов қатысты.
Ұлы ақын, Абай атамыз:
Адамзат бүгін адам, ертең топырақ,  
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.
Ертең өзің қайдасың білемісің?
Өлмек үшін туғансың, ойлан шырақ! – деп жырлап өтті емес пе?
Міне, біз Жаңа Қазақстанның жастары бүгін бір-бірімізге көмектесіп, адамгершілікпен қолдап, тіршілікте адами қолтаңбамызды қалдыруымыз керек.
Ал, дана Шәкәрім бабамыз:
Ақыл, білім осындай ар жақтарлық,
Айласыз, өтіріксіз жан сақтарлық!
Үзіп-жұлып ұятсыз атанбай-ақ,
Ақылмен жол табалық ел бастарлық! - деп шынайы ықыласпен қызмет етуге шақырды деп ойлаймын.
Кешегі армандаған бабалар аманатын біз бүгін рухы биік елдің ұрпағы ретінде арқаламасақ таңбалы тарихымызға сын болатыны анық. Білімпаз жастар, кемелді болашақтың іргесін бірге қалаймыз деп сенемін.


«AMANAT» партиясы «Жастар рухы» Жастар қанатының аймақтық төрағасы Айтмұқаш Алмас Виленұлы