Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады?

579
көрілім
Фото: Turkystan.kz сайтынан

Қазақстан халқы желтоқсан айында дәстүрлі түрде Тәуелсіздік күнін атап өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz.

Биыл Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан сенбіге сәйкес келеді, сондықтан қазақстандықтар дүйсенбі күні де демалады.
Тәуелсіздік күні:
•    Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер: 16,17,18 желтоқсан күндері;
•    Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер: 16 және 17 желтоқсан күндері демалады.
Желтоқсанда барлығы 11 демалыс және 20 жұмыс күні бар.
2022 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заңға сәйкес ұлттық мереке саналған «16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні» мемлекеттік мерекелер қатарына енгізіліп, тек бір күн – 16 желтоқсанда тойлана бастады. Бұған дейін 17 желтоқсан да мереке күні болып саналып келген