Жол бойында сілеусін жүр

404
көрілім

Өңірімізде сілеусін жол үстінде жортып жүр. Мысық тұқымдас аң «Өскемен-Зырян» тас жолының бойында көзге түскен, деп хабарлайды газет тілшісі qazbrand.info сайтына сілтеме жасап.

Ғаламторда жол бойында емін-еркін жортып жүрген сілеусіннің видеосы пайда болды. Видеодан түз тағысының ешкімнен қаймықпай, емін-еркін кетіп бара жатқанын байқауға болады.

Зыряндықтар әлеуметтік желіде бұған еш таңқалмайтындарын жазды. Өйткені бұл өңірде жыртқыш аңдар жиі ұшырасатын көрінеді.Тіпті, халық қоныстанған елдімекендерге де «қонаққа» келіп тұрады екен. Ал мұның алдында Риддер қаласының үш ауданынан аю көзге түскен болатын.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ