Жүргізушілерді тегін даярлайды

405
көрілім

2019 жылдың 15 қаңтарында Өскемен қаласындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери техникалық мектебінде ақысыз негізде «ВС1С» санаттағы әскери жүргізушілерді даярлау жүргізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Даярлау курсында әскерге шақырылушылар арнайы  киім-кешекпен, күніне үш уақыт тамақпен қамтамасыз етіліп, моншасы бар казармада тұрады. Осы ретте, әскерге шақырылушылардың дендері сау, бойы 170 см-дан жоғары, жасы - 22-ден аспауы, орта білімі бар болуы тиіс.  

- Сонымен бірге, ӘТМ филиалдарында әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқыту аяқталғаннан кейін, бітірген санат бойынша жүргізуші куәлігін алып, әскерге шақырылушылардың осы санаты ҚР Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне 2019 жылғы көктемде мерзімді әскери қызметке міндетті түрде 100% әскерге шақырылатынын атап өту қажет, - дейді Шығыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің басшысы, капитан Айнұр Уалиева.