10 шетелдік ел аумағынан шығарылды

282
көрілім
Шартты фотосурет

Заңсыз көші-қонның алдын алу, жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ел аумағында болу тәртібін бұзуын анықтау мақсатында облыс аумағында «Мигрант» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осыған сәйкес алғашқы күні 140-тан астам азамат, сондай-ақ полиция органдарына шетелдіктердің келуі туралы уақтылы хабарламағаны үшін 58 ҚР азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен 10-нан астам шетелдік ел аумағынан шығарылды.

Шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын заңды тұлғалар мен кәсіпорындар мұқият тексеріліп, шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережелерін бұзғаны үшін барлығы 10 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

- Ең басты бұзушылық - барлық жұмысшыларда тіркеу және еңбек қызметімен айналысуға арнайы рұқсаттың болмауы. Әдеттегідей, шетелдік азаматтардың төлқұжаттары сотқа ұсынылады, оның үкімі бойынша жұмысшылар көші-қон полициясы қызметкерлерімен елден шығарылады, - деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекбаев.