7 ақпанға арналған ауа райы болжамы

322
көрілім
Фотосурет Tengrinews.kz сайтынан

Синоптиктер 7 ақпан күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының жырасында орналасқандықтан жауын-шашын жауады. Тек оңтүстік жартысында күн ашық болады.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің ұйытқуы күшейе түседі.

Ақмола, Қостанай облыстарында жел 15-23 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде бұрқасын соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын көтеріледі, жолдарда көктайғақ болады. Желдің соғу жылдамдығы - 17-22 м/с.