«Алтай Альпісі» тау-шаңғы курортында шаңғы кроссы мен сноуборд кроссы бойынша сайыс өтті

111
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Ақпан айының 24-і күні қысқы спорт түрлерін сүйер қауым тау-шаңғы курортындағы бәсекеде өз мүмкіндіктерін байқады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Айта кетейік, бұл Глубокое ауданының ашық біріншілігі. Жалпы жүлде қоры - 1 млн 200 мың теңгені құрады. Аудан әкімдігі мәліметінше, жарысқа Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының спортшылары қатысты.
- Тартысқа толы бәсеке болары сөзсіз. Сайыс алдында күн райы да қолайлы болып тұрү Барлық қатысушыларды, жанкүйерлер мен қонақтарды мерекемен құттықтап, оларға жарқын жеңістер тіледік, - деді аудан басшысы Елдар Тумашинов.
Көрермендер мен жанкүйерлер үшін дайындалған ауқымды ойын-сауық, спорттық және концерттік бағдарламалар көңілді әрі қызықты өтті.
- Суық ауа райына қарамастан, келушілер ыстық шаймен жылынды. Спорттық жарыстар мен ұтыс ойындарына қатысып, керемет демалыстан ләззат алды. Тұмса табиғат аясындағы шара спортшылармен қатар, әуесқойлардың да басын қосты, - деді ұйымдастырушылар.
Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей жайғасты: сноуборд-кросс бойынша әйелдер арасында:

1 орын - Екатерина Швагерус
2 орын - Екатерина Глазкова
3 орын - Анна Бровкина

Ерлер арасында:
1 орын - Сергей Богомолов
2 орын - Артур Зубко
3 орын Кирилл Колмаков

Әйелдер арасында шаңғы кроссы бойынша:
1 орын - Светлана Николаева,
2 орын - Анастасия Максимова
3 орын Оксана Ларионова

Ерлер арасында:
 1 орын Роман Смолейчук
 2 орын Максим Сечников
 3 орын Ислам Саткеев

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Глубокое ауданының жүлделі сертификаттарын ғана емес, сонымен қатар «Лимпопо» спорт тауарлары дүкенінен сыйлық сертификаттарына да ие болды.
- Жарыс өте әсерлі және қызықты өтті. Мұндай жарыстарда өз деңгейіңді көрсетіп, мүмкіндігіңді арттыруға болады. Бұл спорттық іс-шара өте ұйымшылдықпен өтті. Ұйымдастырушыларға жоғары деңгейде ұйымдастырған жарыс үшін және жылы қабылдағандарына үлкен ризашылығымды және алғысымды білдіремін, - деді аудан басшысы Елдар Тумашинов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.