Ақшаны қай валютада сақтаған дұрыс?

38849
көрілім

Соңғы күндері теңге тағы да құнсызданып, доллар бағамы 400 теңгеге жетті. Алдағы уақытта ұлттық валютамыз құнсыздана бере ме, әлде нығая ма? Ақшаны қай валютада сақтаған дұрыс?

Аягөз қаласынан тұрақты оқырман

Бұл сауалыңызға ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жауап берді:

– Бұл жерде әркімнің өзіндік стратегиясы жеке сипатқа ие. Бәрі де әр азаматтың өзінің шығынына байланысты. Егер сіздің шығыныңыз – ұлттық валюта, яғни теңге арқылы шығып жатса, әлбетте қаражатты теңгемен сақтаған абзал. Ал егер шығыныңыз басқа валюта арқылы шығып жатса, онда қаражатыңыздың бір бөлігін сол валютада сақтаған дұрыс. Менің жеке пікірім осындай.

Ал теңге бағамына қатысты экономист Сергей Домнин мынадай пікір білдірді:

– Мұнай құны, рубль бағамы төмендегендіктен теңге бағамында өзгеріс орын алды. Менің ойымша, жағдай түзелуі тиіс. Біріншіден, бағамға қатысты түсініксіз жағдайды көріп тұрып, бірден айырбастау пунктіне бару керек емес. Өйткені валюта айырбастау орындарына бірінші болып барғандар, валютаны айырбастайтындар үшін қосымша табыс жасауға мүмкіндік береді. Екіншіден, адамдар өз шығындарын жоспарлаумен айналысуы керек, яғни қадамдарды ұзақ мерзімге белгілеу қажет.