Алмасхан Сматлаев өңір тұрғындарының орташа айлығы қанша екенін айтты

874
көрілім
Фотосурет Total.kz сайтынан

Облыс әкімінің бірінші орынбасарының сөзінше, шығысқазақстандықтардың орташа жалақысы 276 мың теңге, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Желтоқсан айы тәмамдалар тұста өткен жиында Алмасхан Бауыржанұлы аймақтың 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткішіне тоқталды. Оның сөзінше, Шығыс Қазақстандағы өндіріс көлемі 102,6 пайызға өскен. Одан бөлек,
Ауыл шаруашылығы – 103 пайыз;
Құрылыс жұмыстары – 105,9 пайызға;
Инвестиция – 106 пайызға артты.
Мемлекеттік бюджетке түсім де 1,3 есеге ұлғайып, аймақтық жалпы өнім де артып, 3,5 триллион теңгеге жетіпті.
– Орташа жалақы 124 пайызға өсіп, 276 мың теңгені көрсетті, – деді спикер.
Облыстағы жұмыссыздық деңгейіне келсек, 4,8 пайыздан аспаған көрінеді.