Алтайлық зілтемірші жалақы төленбегендігі жайлы видеоүндеу жолдады

489
көрілім
Шартты фотосурет

Жерлесіміз, ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Уланов көпшілікке видеоүндеу жолдап, жарты жылдан бері өздеріне тиесілі айлықтарын ала алмай отырғандықтарын жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Егер бұл ақпарат рас болса, онда бұл Олимпиада ойындарында медаль алуға үмітті споршылардың жеңіске деген құлшынысын тежеу болып саналады. Бір жақты пікір емес бұл. Спортсүйер қауым мен ауыр атлетиканың шын жанашырларының лебізі.

– Жарты жылға жуықтады, Ұлттық құрама мүшелері спортшыларға төленуі тиіс айлықтарын ала алмауда. Ал Федерация тарапы бізге толыққанды түсінік бермей, беймәлім қиындықтарын алға тартуда, – дейді елге белгілі зілтемірші.

Видеоүндеу жолдаған тек Алтай ауданының тумасы ғана емес, әлемдік аламандарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген өзге де атлеттер. Айталық, Карина Горичева, Ибрагим Берсанов, Олимп шыңын бағындырған Ниджат Рахимов, Рүстем Сыбай және тағы басқалары. Республика көлемінде алдыңғы қатарлы зілтеміршілердің көпшілікке қарата айтқан өтініш-шағымына қарағанда Федерация тарапында бір қиындықтың болып жатқандығы хақ.

Әділхан ЕСІМХАНОВ