«AMANAT» партиясы көпбалалы отбасынан шыққан балаларға оқуға қажетті құрал-жабдықтар табыстады

576
көрілім

«AMANAT» партиясы «Мектепке жол» акциясы аясында облыс бойынша аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан бүлдіршіндерге оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмкелер табыстауда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Біздің партиямыз әрқашанда көпбалалы ата-аналарды қолдайды. Облыс бойынша «Мектепке жол» акциясы аясында біз көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан екі жарым мыңнан астам оқушыға оқуға қажетті құрал жабдықтар табыстауды жоспарлаудамыз. Игі шара бүгіннен бастап 30 тамызға дейін облысымыздың барлық аудан қалаларында жүзеге асырылатын болады, - деді  «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Айгул Байжанова.
10 жыл көлемінде дәстүрлі түрде «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылып келе жатқан шараға депутатар, меценаттар, кәсіпкерлер, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері және белсенді партия мүшелері үнемі қолдау білдіріп, демеушілік жасауда.
- Өзім екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі анамын. Жолдасымда тұрақты жұмыс жоқ. Төрт баланы мектепке дайындау әрине оңай емес. Бүгін «AMANAT» партиясының облыстық филиалы балаларға сөмке және өзгеде оқуға қажетті құрал жабдықтар табыстап бізге үлкен көмек көрсетті. Осы орайда тек алғыс айтамын. Көпбалалы отбасылар үшін «Мектепке жол» акциясы өте тиімді болып отыр, - дейді Өскемен қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Әсел Мүшелбаева.