Автобустар саны артуда

233
көрілім

Өскемен қаласында карантин шектеулері жеңілдетілгеннен кейін рейстегі автобустар саны арттырылуда.

Бұл жайлы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

– Карантан шектеулері жеңілдетілгеннен кейін рейстегі қоғамдық көліктердің саны 220-ға жетті. Ал осыған дейін 200 автобус қатынаған болатын. Бүгінде автобустар бекітілген рейстер бойынша сағат 20.30-21.00-ге дейін жолаушыларды тасымалдауда. Алдағы уақытта қоғамдық көліктердің саны біртіндеп арттырылатын болады, – делінген мәліметте.

Айта кетейік, 2020 жылдың қазан айына дейін Өскемендегі қоғамдық көліктерде диспетчерлік ақпараттық модульдің көмегімен жолақы төлеуді автоматтандыру жоспарланып отыр.