Аягөз ауданында 100 адам мемлекеттік грант алған

1417
көрілім
Шартты фотосурет

Мемлекеттік грант алған 100 адамнан 43-сі ауылдық округ тұрғындары, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жж. арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты:

Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 2021 жылға көп балалы отбасыларға, жастарға, аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға 200 АЕК-ке (583 400 теңге) көлемінде мемлекеттік гранттар беру қаралды. Қазіргі таңда 100 адамға 58 млн. 340 мың теңге мемлекеттік грант берілді. Оның ішінде:

- көп балалы отбасынан - 36,

- аз қамтылған отбасылардан – 21,

- мүмкіндігі шектеулі жандардан – 5,

- 29 жасқа дейінгі жастардан - 9,

- жұмыссыздардан - 29,

Мемлекеттік грант алған 100 адамнан 43-сі ауылдық округ тұрғындары, олар:

Аягөз – 57,

Айғыз – 1,

Ақши – 9,

Ақшәулі – 1,

Бидайық -1,

Байқошқар – 3,

Баршатас – 2,

Қарағаш – 1,

Қосағаш – 1,

Мадениет – 1,

Майлин – 2,

Малкелді – 1,

Мамырсу – 6,

Сарыарқа – 2,

Тарбағатай – 4,

Тарлаулы – 5,

Шыңқожа – 3.

Мемлекеттік грантқа өтініштердің көп түсуіне байланысты Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан қосымша 170 адамға қаражатқа өтініш берілді