Аягөзде әскери колледж түлектері мектеп оқушыларымен кездесті

28571
көрілім

Аягөз гарнизонындағы танкистер құрамасында қызмет ететін Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж түлектері қала мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ондағы мақсат Мемлекет басшысының әскери қызметтің имиджін арттыру және жастарды әскери борышын өткеруге ынталандыру жөніндегі тапсырмасын іске асыруға арналып отыр.
Аталған шараға 3 сыныпты сержантар Нұрлан Қызыров және Ғалижан Көшелековпен бірге аудандық білім бөлімінің өкілдері қатысты. Оқушыларға оқу орнының тарихы, оқу-материалдық базасы жайлы жан-жақты айтып берді. Әскери колледж туралы арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.
Щучинск қаласында орналасқан Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжін бітірген түлектерге техникалық және кәсіптік білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом, «В», «С» санатты автокөлік жүргізушінің сертификаты және 3-сыныпты «БМП механик-жүргізушісі» біліктілігі беріледі.