Аяз өңір аудандарына қалай әсер етуде? Облыс әкімдігі ақпарат ұсынды

199
көрілім

Анықталғандай, аймақ көлемінде  -35-40 градус аралығында аяз әлі сақталуда. «Казгидромет» ШҚОФ мәліметінше, аяз 20 және 23 ақпан аралығында болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сәйкес, кейбір аумақтарда сынап бағаны -50 градусты көрсетіп тұр.
– 24-29 ақпан аралығында аймақта қар мен боран күтілуде. Сондай-ақ, ауа температурасы минус 5-10 градус шамасында жылымақ.  Жалпы өңірдегі жағдай тұрақты және облыс әкімі Ермек Көшербаевтың бақылауында, - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Елжан Қайырханов.
    Әкімдік ақпаратына сүйенсек, жолдар бойынша: бүгінде республикалық және облыстың маңызы бар жолдар толықтай ашық. Тек таңғы уақытта қар көшкінінің түсінуінен Өскемен – Рахман қайнары бағытындағы жол жабылды. Қазірде жолды қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде.
– Түнгі уақытта республикалық және облыстық маңызы бар жолда дизельді жеңіл автокөлік, жолаушы және жүк көліктерінің түнде жүруіне шектеу қойылған. Сондай-ақ, Ұлан ауданының Төменгі Тайынты, Бетқұдық және Марқакөл ауданының Шанағатты, Балықтыбұлақ ауылдарына апаратын жол жабық. Шанағатты ауылына жол бүгін ашылады. Мектептер бойынша: бүгінгі таңда білім ошақтары толықтай қашықтан онлайн оқуға көшкен, – делінген баспасөз қызметінің 21-ші ақпанда ұсынған мәліметінде.