Бесқарағайда "Нұр Отан" партиясы кандидаттары арасында ашық пікірталас өтті

352
көрілім

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында партиялық кадрлық резервіне іріктеудің үгіт-насихат науқаны шеңберінде үміткерлер арасында ашық дебат өтті, депе хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Пікірталасты «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ұйымдастырды.

Ашық диалог аясында партиялық кадрлық резервіне үміткерлер қатысушыларды өз бағдарламаларымен таныстырып, сұрақтарға жауап берді.

Пікір таласқа қатысқан Айнаш Аменова тіл саласы бойынша өз бағдарламасын ұсынса, Айнур Байрамова жастар мәселесін сөз етті. Сонымен қатар Адыльбек Туктыбаев мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесінің өзекті екендігін айтып, үміткер Талғат Сұлтанов ардагерлерге қатысты бағдарламасын жариялады.

Төрт үміткердің арасында өткен пікірталас өте тартысты болды. Дебат форматында өтетін үгіт-насихат жұмыстары алдағыт уақытта Бесқарағай аудандық филиалының басқа да бастауыш партия ұйымдарында жалғасын таппақ.