Бірінші ретке айыппұл салынбай, жай ғана ескерту жасалына ма?

545
көрілім

Естуімше, күндізгі уақытта көліктің жарық шамдарын жағуды ұмытып кеткен жүргізушілерге алғашқы ретте айыппұл салынбай, жай ғана ескерту жасалатын көрінеді. Бұл туралы жақында газет бетінде мақала да жарық көріпті. Аталған ақпарат қаншалықты шындыққа жанасымды?

Өскемен қаласынан тұрақты оқырман

Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті аталған ақпаратты ресми түрде теріске шығарды:

«Қазақстан Республикасының «Әкімшіліқ құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 602-бабының бірінші тармағына сәйкес, көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жүргiзiп үйренудi өткiзу, сыртқы жарық түсiру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беру мен авариялық тоқтау белгiсiн қолдану қағидаларын бұзуы – бес айлық есептiк көрсеткiш (2017 жылы 11 345 теңгені құрайды) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал бұл бапта «ескерту» санкциясы қарастырылмаған».

Демек, заңнамада көлік шамын жағуды ұмытып кеткен автокөлік жүргізушілеріне қай кезде болмасын, айыппұл салу қарастырылған.