Биылғы су тасқыны ШҚО-ның қай аудандарын қамтыды?

559
көрілім

Бұған ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануда реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еламан Мұхтарханов жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анығы сол, су басу салдарынан келген шығын жайлы ШҚО Төтенше жағдай департаментіндегілер толығырақ мәлімет берулері тиіс. Еламан Ануарбекұлы қолда бар мәліметімен бөлісті.
– Биыл көктемгі тасқын барысында айтарлықтай қиындықтар байқалмады. Десек те Бородулиха ауданының Речное ауылында мұз кептелісі салдарынан төтенше жағдай мамандарының іске араласу қажеттілігі туындады. Мұз ери бастағанмен үйлерге қауіп төнбеді. Республикалық маңызы бар Таскескен-Бақты мен Өскемен-Семей жолдары бойынша су деңгейі көтерілді. Алайда қатер бұлты бірден сейілді, – деді жауапты тұлға.
   Белгілі болғандай, жыл сайын төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында «Шығыс су қоймалары» КМК кәсіпорны тарапынан су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп тұрады. Одан бөлек, қоймаларда су жинақталу деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізілетін көрінеді.