Болат Назарбаев өмірден озды

309
көрілім
Фото:.zakon.kz сайтынан

Болат Назарбаев өмірден озды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Қаралы хабарды Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханасы растады.

«2023 жылдың 13 қарашасында сағат 09.51-де Болат Назарбаев қайтыс болды»,- деп хабарлады Президент Іс басқармасы Орталық ауруханасының баспасөз қызметінен.

Сондай -ақ ақпаратты Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі өз парақшасында растады.

«71 жасқа қараған шағында созылмалы ауырудың салдарынан ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Әбішұлы Назарбаев дүниеден озды»,- деп жазды ол.