Бүгін ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Улановтың туған күні

377
көрілім

Алтайлық зілтеміршіні еліміздің ауыр атлетика федерациясының басшылығы, бапкерлер, сондай-ақ қалың жанкүйері құттықтауда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Алтай ауданының тумасы бүгін жиырманың жетеуіне аяқ басты. Азия және Универсиада чемпионын барша ауыр атлетика мамандары мен спортсүйер құттықтап, жаңа рекордтар орнатуына тілектестік танытуда.

– Денис, спортта жетер жетістіктерің таусылмай, әр сайыста тұғыр биігінен көріне бер. Жеңісті жолың ұзағынан болғай! – делінген еліміздің ауыр атлетика федерациясының құттықтауында.