Бүгін еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

353
көрілім

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 13 наурыз күні еліміздің 6 қаласында қолайсыз метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атап айтқанда, жұма күні Қарағанды, Алматы, Өскемен, Балқаш, Нұр-Сұлтан және Теміртау қалаларында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады. Өзге шаһарларда метеожағдай қалыпты нормада болады. Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.