Даниал Ахметов Өскемендегі 25-ші шағынаудандағы құрылыс жұмыстарымен танысты

111
көрілім

Облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемендегі 25-ші шағынауданға барып, коммерциялық тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.

Өңір әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Өскемен қаласындағы 25-ші шағынауданда жеке тұрғын үйлер құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
Аймақ басшысы Даниал Ахметов аталған ауданға барып, сол жұмыстардың барысымен танысты.
– Тұрғын үй иелеріне құрылыстың төрт түрлі жобасы ұсынылып отыр. Бұл - объектілерді салу кезіндегі міндетті шарт. Әр үй заманауи үлгіде салынбақ. Арнайы жайлы пештер орнатылып, шаруашылық жүргізуге тиесілі жер аумағы да болады. Сондықтан халық арасында жоғары сұранысқа ие болатынына сенімдімім, – деді әкім.
Сондай-ақ Даниал Ахметов Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы жол айрығының жобасымен танысты. Бұл жерде бес жол түйісетін болады.
– Бұдан бөлек, Самар тасжолына шығатын Базовая көшесін кеңейту көзделген. Нәтижесінде оның өткізу қабілеті екі есе артпақ. Бұл шаралар жолдардағы көлік кептелісін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Жауапты мамандарға Есенберлин көшесіндегі нөсер кәрізін орнатуды және барлық инфрақұрылымдық жұмыстарды аяқтауды тапсырдым. Астана көшесінің жүру бөлігін кеңейту де жоспарлануда, – деді аймақ басшысы.