Дүйсенбі күні Өскеменде ауа ластануы ықтимал

300
көрілім
Фотосурет ҚазАқпарат сайтынан.

26 тамыз күні Қазақстанның бір ғана қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сенсек, дүйсенбіде Өскемен қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендерде атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.