Әлемдегі ең қымбат металл — осмий Қазақстанда ғана өндіріледі, бірақ ол жайлы бүкіл мәлімет құпия

203
көрілім
Фото: uvelir.info сайтынан

Әлемдегі ең қымбат металл саналатын Осмий-187 изотопы тек қана Қазақстанда өндіріледі. Бірақ, оның өндірісіне қатысты мәліметтер — мемлекеттік құпия, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тәуелсіздік жылдары ішінде осмийдің қанша көлемі өндірілгенін, экспортқа қандай бағамен және қай елдерге шығарылатын сұрап, сауал жолдаған едік.

 - Қазақстанның 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-I Мемлекеттік құпиялар туралы заңының 12-бабы 10 тармағына сәйкес металлургия өнеркәсібінің сирек кездесетін металдарды немесе стратегиялық маңызы бар басқа да материалдарды, оның ішінде осмий өндіру туралы мәліметтер мемлекеттік құпияға жатқызылады, — деп жауап берді ведомстводан.

Осмий табиғатта 7 изотоп түрінде кездеседі.

Осы 7 изотоптың ішінде Осмий-187 тек елімізде ғана өндіріледі.

Осмийдің 1 грамы 10 мың доллардан басталып, 200 мың долларға дейін жетеді.

Табиғатта Осмий-187-ден тығыз зат жоқ. Бұл элементті 9 ай бойы өндіреді.

Оны ерекше дәлдікті қажет ететін өлшеуіш және медициналық аспаптарды жасауға қолданады.