Әлемді өзгертетін ұстаздар NIS-та қайта жолығады

383
көрілім

Нұрсұлтанда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының «Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар» XI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы мәресіне жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әлемдегі беделді заманауи білім алаңында Қазақстан мен әлемнің 17 елінен (АҚШ, Ұлыбритания, Израиль, Норвегия, Нидерланд, Франция, Сингапур, Гонконг, Вьетнам, Австралия, Испания, Ресей, Армения т.б.) келген үздік ұстаздар, сарапшылар, ғалымдар мен менеджерлер қатысты. Барлық делегаттар өздерінің кәсіби қызметімен «Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар» педагогикалық форумының атына лайық.

– Жаһандық әлемдегі өзгерістер жаңа өмір бойы білім тәртібін қабылдауды талап етеді. Біздің ұстаздар уақыт ағымымен бір сапта емес, балаларды болашаққа дайындау үшін әрқашан бір қадам алда жүруі керек, – дейді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Күлгінов.

Конференция аясында үш пленарлы отырыс, 12 шеберлік сыныптары, 24 тақырыптық секциялар өтіп жүзден аса баяндамалар оқылды. Lesson Study және Action Research зерттеулері, жаңа білім мазмұны, халықаралық TALIS-2018 халықаралық зерттеу қорытындылары бойынша алты тақырыптық симпозиумдар және білім ресурстары көрмесі өтті.

– Орта білім қандай болуы керек? Бұл сұрақтың жауабын әлемнің барлық дерлік елі іздейді. Көптеген алаңдарда талқыланады. Мен бір нәрсені нақ айта аламын – әлемді өзгертуге қабілетті адам болса, ол – мұғалім, – дейді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшідинова.