Елімізде бірқатар нысандарға демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат берілді

379
көрілім
Шартты фотосурет

Қыркүйек айының 14-і күні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалық етуімен өткен ведомствоаралық комиссиясының отырысында халыққа қызмет көрсететін кәсіпкерлік нысандардың демалыс күндері жұмысын жалғастыратыны жайлы шешім шығарылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ендігі кезекте сұлулық салондары, шаштараз бен косметикалық әрлеу салондары, діни зиярат ету орындары сенбі-жексенбі күндері жұмыс істейтін болады. Десек те олар infokazakstan.kz порталына тіркеліп, 4 шаршы метрлік әлеуметтік арақашықтықты сақтап, алдынала кезекке жазылу тәртібін сақтағанда ғана жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Сондай-ақ демалыс күндері спорттық-сауықтыру және фитнес орталықтары мен тренажер залдарының, спорт комплекстері мен СПА салондары және сауна, бассейндердің жұмысына шектеу алынып тасталды. Аталған орталықтар мен салондар клиенттерге қызмет көрсетуді бастамас бұрын infokazakstan.kz порталына тіркелуі тиіс. Сонымен қатар алдынала жазылу бойынша келушілердің саны 30 пайызды ғана құрап, маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтау – бұлжытпас режім тәртібі болып саналады.