Елімізде ескі көлігін тапсырғандарға жаңа көлік сатып алу үшін жеңілдік сертификаты беріледі

729
көрілім

26 маусымнан бастап ескі көлігін тапсырғандарға жеңілдік сертификатын беретін бағдарлама іске қосылады. Жеңілдік беретін сертификаттың құны тапсырылатын көліктің санатына байланысты 315 мың теңгеден 650 мың теңге аралығында болады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

26 маусымнан бастап елімізде тозығы жеткен көлігін тапсырғандарға жаңа көлік сатып алуға жеңілдік беретін сертификат бағдарламасы іске қосылады. ҚР энергетика министрлігінің тапсырмасымен жасалған бағдарламаны «ӨКМ Операторы» ЖШС ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен отандық автоөндірушілермен бірлесе құрастырды.

Жаңа бағдарламаның талабы бойынша жоюға ескі М1 санатындағы жеңіл автокөліктен бастап (толық жиынтықтағы*), жолаушылар тасымалдайтын және жүк көліктері қабылданады. Жоюға тапсырылатын көліктердің шығарылған жылына, моделіне қатысты ешқандай да шектеу жоқ.

Жолаушылар тасымалдайтын және жүк көліктері үшін жалғыз талап – М3, М3, N2, N3 санатындағы көліктер техникалық жарамды болуы керек және барлық жабдық өз орнында болуы тиіс.

Бағдарлама талабына сәйкес, ескі техниканы өткізген адамға атаулы сертификат беріледі. Қазақстанда жасалған көлікті сатып алғанда сертификат жеңілдік ретінде пайдаланылады.

Бағдарлама бойынша отандық өндірушіден кез келген санаттағы көлікті сатып алғанда, жеңілдік сертификатын пайдалануға болады.

Тозығы жеткен көліктерді жою бағдарламасы негізінде қандай автокөліктерді жеңілдікпен алуға болатынын төмендегі сайттардан көре аласыздар: «БИПЭК АВТО» www.bipek.kz немесе: 8 778 746 0698 телефоны бойынша, AllurAuto дилерлік орталығы сайтынан: www.allurauto.kz, www.jac-motors.kz, «Astana Motors», «Вираж», «УЗАВТО АЗИЯ» дилерлік орталықтарынан: www.ssangyong.kz, www.peugeot.kz, www.iveco.com/kazakhstan, сондай-ақ 8 800 070 55 88 және 8 701 737 12 71 телефон нөмірлеріне хабарласып білуге болады.

Жеңілдік сертификаты атаулы және оны өзгенің атына тіркеу екі реттен артық жүргізілмейді. Сондай-ақ оны қайтарып беруге және қолма қол ақшаға ауыстыруға болмайды. Сертификат тіркелген күннен бастап 12 айға дейін жарамды.

Тозығы жеткен көліктерді жою бағдарламасы отандық автопарктің жаңаруына, Қазақстандық автоөндірісті ынталандыруға және утилизация саласының инфроқұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.