Ересектер мен балаларды бір емханада қарайтын жүйе қаншалықты тиімді?

533
көрілім
Шартты фотосурет.

Ересектер мен балаларды бір емханада қарайтын жүйе енгізілгеннен бері бір жасқа дейінгі сәбиімізді дәрігерге апаруға қорқатын болдық. Әртүрлі ауруға шалдығып келген адамдардан ауру жұқтырып аламыз ба деп уайымдаймыз. Балаларды жалпы тәжірибедегі дәрігерлер қарайтын болған соң педиатр маман қажетсіз болып қалғаны ма?

Шынар Ә., тұрақты оқырман

Сіздің сұрағыңызға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында былай деп жауап берілген:

Алғашқы мидициналық-санитарлық көмек көрсету жүйесінің жалпы дәрігерлік тәжірибе қағидасына өтуі респуликаның 2010 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарының бір тармағы болып табылады. Қазіргі уақытта қалалық аумақтардағы амбулаториялық-емханалық көмек көрсету жүйесіне аралас типтегі емханалар салу арқылы кезеңдік қайта жасақтау жүргізіліп жатыр. Бұл өз кезегінде жалпы тәжірибедегі дәрігерлердің қызметі мен мамандандырылған көмек көрсетеді. Сәйкес мамандығы мен рұқсаты (сертификаты) бар жалпы тәжірибедегі дәрігер жасына, жынысына және ауру түрлеріне қарамастан жеке азаматтарға, отбасыларға және барлық адамдарға өз учаскесі бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсете алады. Ал педиатр мамандығы алынып тасталған жоқ. Атап айтсақ, олардың диплом алғанға дейінгі дайындық кезеңіндегі талаптар өзгертілді. Еліміздің барлық медициналық жоғарғы оқу орындарында медициналық білімнің жаңа моделі енгізіліп, дәрігерлер дайындығы күшейтілді. Соның ішінде педиатр мамандарға клиникалық оқу мерзімі ұзартылып, 2 жылдық интернатура мен міндетті резидентура енгізілді.