Ертең қала аумағында жарылыс дыбыстары естіледі

614
көрілім
Шартты сурет

Қала әкімдігі тұрғындардан қатты дыбыстан үрейленбеулерін сұрайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Өскемен қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 5 тамызда түстен кейін сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін 24-шағын ауданда құрылыс жұмыстарына байланысты жарылыс жұмыстары жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Жібек маталар комбинаты ықшамауданын Алматы тасжолымен байланыстыратын жаңа жолдың бойында, 19, 22, 23-ші шағын аудандар арасында жаңа жол салу жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда 5 пен 14 қабатты құрайтын 223 көпқабатты үй құрылысы, мектептер мен балабақшалар салынады деп жоспарлануда.