"ГАЗель" көлігін тұрғын аймаққа тұрақтатуға бола ма?

513
көрілім

«ГАЗель» автокөлігін көпқабатты тұрғын үйдің ауласына тұрақтатуға бола ма? Білуімше, еліміздің жол жүрісі қағидаларында жүк көліктерін тұрғын аймақта тұрақтатуға болмайды.

Асхат, Өскемен қаласы

Сіздің сұрағыңызға ШҚО Ішкі істер департаменті жауап берді:

«ГАЗель» маркалы көлігі рұқсат етілген салмағы 3,5 тонналық аз салмақты жүк көліктерінің санатына жатады. Мұндай көліктердің тұрғын аймақтарда тұрақтап тұруына рұқсат етілген. Бұл норма ҚР Жол жүрісі қағидаларында регламенттелген.