Халық саны азайды

375
көрілім

2018 жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы халық саны 1 380 438 адамды құрады.

Халық саны жыл басынан бергі кезең ішінде 3307 адамға азайған. ШҚО Статистика департаменті басшысының міндетін атқарушы Назгүл Оразаеваның мәлімдеуінше, өңір халқының 848 мыңы – қала, 532,4 мыңы – ауыл тұрғындары.

– Зерттеу деректері бойынша биылғы жылдың 2 тоқсанында жұмыссыздар саны 34 425 адамды құрап отыр. Облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі – 4,8% шамасында қалыптасты. Еңбекақы деңгейі бойынша біздің аймақ республикада 7 орынды иеленді, – дейді Назгүл Шаймарданқызы.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ