Иранда автобус аударылып, 20 адам қаза тапты

295
көрілім

Иранның Масендеран провинциясында автобус апатқа ұшырап, 20 адам қаза тауып, 24 адам зардап шекті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға бейсенбіде таңғы уақытта болған. Бұл туралы Mehr агенттігі провинциядағы жедел жәрдем баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

- Автобус аударылып, сайға түсіп кеткен. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 8 қаңтарда Тегераннан Киевке бет алған Украина халықаралық авиациясына тиесілі PS752 рейсі көкке көтерілісімен екі минут өткенде апатқа ұшыраған болатын. Апат салдарынан бортта болған 176 адамның ешқайсысы тірі қалмады.