Қайрат Тұрлыханов өмірден озды

442
көрілім
Фотосурет 365info.kz сайтынан

Отандық ауыр атлетиканың өрлеуіне сүбелі үлес қосқан Қайрат Тұрлыханов өмірден өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Елінің маңдайына біткен даңқты палуан Дәулет Тұрлыхановтың туған ағасы Қайрат Тұрлыханов 60 жасында жарық дүниемен қош айтысты. Аягөз ауданында дүниеге келген спорт жанашырының отандық ауыр атлетика спортының дамуына атсалысқан еңбегі қазақ жұртына мәлім.

Қайрат Болатұлы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты (1999-2002), Семей қаласының әкімі (2001-2002), ҚР көлік және коммуникация министрінің кеңесшісі (2007-2009), Азия құрлықтық ауыр атлетика федерациясының вице-президентi сынды лауазымды қызметтерді асқан жауапкершілікпен атқарған.