«ҚазАвтоЖолдың» ШҚО-дағы филиалының директоры 2 млн теңге пара алған

251
көрілім

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысындағы филиалының директорына пара алды деп айып тағылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

- Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директорына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан мәліметте.

Агенттік баспасөз қызметінің мәліметінше, айыпталушы ЖШС директорынан республикалық маңызы бар Р-26 «Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Теректі» автомобиль жолының учаскесін орташа жөндеу жүргізуді сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін 2 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

- Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады, - делінген хабарламада.