Кептеліс туғызуда

473
көрілім

Мен облыс орталығының студенттер қалашығы ауданында тұрамын. Күнде Потанин және Серікбаев көшелері қиылысындағы бағдаршамнан өтемін. Бұл жерде жаяу жүргіншілер легі күндізгі оқу кезінде ғана көп, ал кешкі мезгіл мен демалыс күндері мүлдем жоқтың қасы. Жүргізушілер өткелден өтетін жаяу жүргіншілер болмаса да бағдаршамның тыйым салатын қызыл түсіне біршама уақыт тоқтап тұруға мәжбүр. Автокөліктер легі көп кездері бұл жерде ұзын-сонар кептеліс пайда болады. Полицейлер қиылыстағы көлік легін босатуға неге қолғабыс жасамайды?

Өскемен қаласынан тұрақты оқырман

Сіздің сұрағыңызға жауап ШҚО ІІД электронды порталында жарияланған:

«Сіздің сұрауыңыз бойынша полицейлер Өскемен қаласындағы Потанин және Серікбаев көшелерінің қиылысында орнатылған бағдаршам жұмысын зерделеп көрді. Зерттеу нәтижесі бойынша мамандар қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне аталмыш көше қиылысына түймешесін басып жасыл жандыратын бағдаршам орнатуды 2018 жылдың жоспарына енгізу жөнінде ұсыныс жолдады. Мұндай бағдаршам осыған дейін Тәуелсіздік даңғылының 8/1 мекенжайында орналасқан толайым сауда базары маңындағы жаяу жүргіншілер жолағына орнатылған болатын».