Көкпектілік палуанның қарсыласы алғашқы жарысына қатысуға әзір

416
көрілім

Жерлесіміз Данияр Қайсановтың алдағы уақытта белдесуі әбден мүмкін саналатын АҚШ елінің палуаны бұрынғы салмақ дәрежесінен төмен түсіп, рейтингілік турнирде бақ сынамақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өткен жылы қыркүйектің 14-22 аралығында елордада өткен күрес түрлерінен Әлем чемпионатында 79 келіде белдескен америкалық Кайл Дэйк ақтық сында әзірбайжандық Джабраил Гасановтан 6:2 есебімен басым түсіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды. Дегенмен 79 келі олимпиадалық салмақ саналмайтындықтан Кайл Дэйк 74 келі салмаққа ауысып, биыл Токиода өтетін төртжылдықтың басты бәсекесінде бақ сынауға ниетті екендігін жеткізген болатын. Мәлім болғандай, екі дүркін әлем чемпионы қаңтардың 15-і күні Италияда өтетін рейтингілік турнирде 74 келіде бақ сынайды. Алдағы уақытта бұл спортшының жерлесіміз Данияр Қайсановпен жолы түйісуі әбден ықтимал.

Әділхан ЕСІМХАНОВ