Көктайғақ салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды

505
көрілім

6 желтоқсан күні ауа райының күрт өзгеріп,  көктайғақ болуына байланысты кейбір қала мектептерінде сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Білім басқармасының ақпараты бойынша, Семей қаласында 1-ауысым, 1-9 сыныптарда,  Курчатов қаласында 1 ауысым, 1-11 сыныптарда көктайғақ салдарынан сабақ болмайды.

Естеріңізге сала кетейік, «6-7 желтоқсан күндері жауын-шашын үдеп, жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі» деп хабарланған болатын. Сонымен қатар кейбір автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды.