Қол күрестірді

637
көрілім

Қыркүйек айының 15 жұлдызында Зайсан ауданына қарасты Қайнар ауылында орталау мектептердің І спартакиадасы бағдарламасы аясында қолкүресінен аудандық жарыс өтті, деп хабарлайды газет тілшісі аудан әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыс қыздар арасында 35, 40 және 45 келі, ал ұлдар арасында 35, 40, 45, 50 және 55 келі салмақ дәрежелері бойынша Жамбыл, Орманбетов, Октябрь, Мәметова орталау мектептерінен келген 4 команда арасында өтті.

Жарыс нәтижесі бойынша қыздар арасында 35 келі салмақ дәрежесінде Мейрамбек Айым, Сабырбекқызы Несібелі, Әлпырақ Айша есімді, ал 40 келіде Жұмабек Динара, Жарас Қарақат, Қылышбекова Жансая, 45 келіде Болатбекқызы Шолпан, Алтынбекова Инабат, Оралханова Айкенже есімді қыздар топ жарды.

Ұлдар арасында 35 келі салмақ дәрежесінде Қанат Парасат, Мұратов Мұхаметәли, Қалелбек Нұрдәулет, 40 келіде Амангелдин Айбын, Жанатбек Есхат, Омархан Бақберген, 45 келіде Манат Ерсін, Мұсанов Бекжан, Қабай Медеу, 50 келіде Қайырбек Ғани, Жазбаев Махамбет, 55 келіде Әсет Таңжарық, Адалбекұлы Қасиет оза шапты.

Ерлен ОСМАНОВ