Құрметпен қарсы алды

283
көрілім

Ольга Рыпакова құрлықтық IAAF кубогінде жүлдегер атанды. Чехияның Острава қаласындағы жеңіл атлетиканың үш қарғып секіру сынындағы құрлықтық IAAF кубогінде күміс медаль еншілеген спортшыны жерлестері әуежайдан күтіп алды.

Ел намысын абыроймен қорғап жүрген Ольга Рыпакова осының алдындағы Азия ойындарындағы көрсеткішімен жүлдеге ілікті. Яғни ол жарыста жерлесіміз 14,26 м көрсетіп, топ жарған еді. Бұл жолы үш қарғып секіру шеберінің алдын 14,76 м нәтижесімен колумбиялық Катрин Ибаргуен ғана орап кетті. Үздік үштікті жерлесімізге небәрі 4 см-ге есе жіберген грек елінің өкілі Параскеви Папахристу түйіндеді.

11 қыркүйек күні шығысқазақстандықтар Ольга Рыпакованы әуежайдан күтіп алды.

– Әрдайым қолдап жүретін жерлестеріме рахмет! Туған жерімді, отбасымды қатты сағындым, – деді спортшы.

Талғатжан МҰХАМЕТБЕКҰЛЫ