Күршім ауданында жанармай құю станцияларының қожайындары шығынға ұшырауда

4283
көрілім
Шартты фотосурет

Президент пәрмен берген соң облыс аудандарында санаулы күн ішінде АИ-92 бензині 182 теңгеден сатыла бастады. Көптің қалауы да осы еді. Газдан бастап, жанар-жағармай бағасының ақылға қонар, қалта көтерер бағамен сатылуын қалаған-тын. Ол жағы реттелгендей. Дегенмен таразы басы бір жаққа ауып кеткен сияқты, жанармайдың сол 182 теңгеден сатылуынан кәсіпкерлер шығын көруде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шығын шынымен-ақ шырмауда

Күршім ауданы бойынша барлығы сегіз жанармай құю станциясы бар. Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Әзімбаев ұсынған ақпарат осындай. Қаңтар оқиғасынан соң кейбір тауар бағасы біртіндеп төмендеп, газ бен жанар-жағармай да сол соқпақпен жүрді. Дегенмен Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға ұмтылмаған дүкен қожайындары да кездесті. Иә, бұл жағы бөлек мәселе. Қазіргісі шығынға ұшырадық деп шырылдаған кәсіпкерлер жайы.

Ауыл атауы

ЖҚС саны

1

Күршім

2

2

Марқакөл

6

Анығы сол, тұрғындар мен жүргізушілер тарапына жеңілдігін әкелген қолжетімділік әлі мұртын бұзбаған. Демек, көптің қалауы ұзағынан сақталатын сыңайлы. Шынтуайтында, сөз етілген мәселе «Екі түйе сүйкенсе, арасында шыбын өледінің» кері. Жоғарыдан жеткен бұйрық орындаушыға (бұл жерде кәсіпкерлер) ауыр тиіп, зардабы енді шындап байқалуда.

– Бәріне берілген тапсырма – жанар-жағармай бағасын төмен бағамен сату. Төмендеттік. Дегенмен бізге келетін шығын да ескерілуі тиіс еді ғой? Бір литрін 182 теңгеден саудалап отырғанымызбен, шамамен сондай бағаға сатып аламыз. Бензин тасымалдайтын жүк көліктеріне тасымал бойынша аталған транспорттың әр литріне төленер жолақысы бірінші кезекте тұрады. Жалпы, келіп жатқан шығын аз емес. Осы үшін белгілі бір мөлшерде өтемақы төленуі керек қой, – деді кәсіпкерлер атынан сөз алған Жолымхан Нұрымов.

Органдарға жүгіну орынды қадам

Бұл ретте сұраухат аудан әкімдігінен бұрын ШҚО Кәсіпкерлер палатасына жолданды. Ол жақтағылар жанармай құю станциялары (әрі қарай ЖҚС) қожайындарының мұндай өтініш айтулары әсте орынды, дегенмен өтемақы төлеу жағын жергілікті атқарушы органдар реттеу керектігін жеткізді. Құқықтық сұрақтар бойынша директордың орынбасары Әлия Мұқашеваның сөзінше, мәселенің байыбына бара алмай жүрген кез келген кәсіпкер заңгерлік кеңес ала алады.

– Негізі бұл жағына аудан әкімдігі мән берулері тиіс, солардың құзыретінде. Бірқатар кәсіпкер шекті бағаға қатысты сауалмен хабарласып, қайтпек керектігін сұрады. Энергетика министрлігіне де хат жолдап, қазір соның жауабын күтумен жүр. Мәселен, барлық аймақта газ бағасы бекітілгенімен, жанар-жағармайға қатысты әлі нақтыланбаған. Белгілі жайт, әр ЖҚС қожайыны 182 теңгеден асырмай саудалауға тиіс, – деді ол.

Шығынға ұшырадық деп Күршім ғана емес, Тарбағатайдан да қоңырау түскен болатын. Әлия Орынбекқызы әр ауданға қатысты төленуі тиіс өтемақы мөлшері жол қашықтығы мен аралық шығын ескеріліп, бекітілуі мүмкін екендігін алға тартты. Ал бұған қатысты аудан басшылығы не дейді? Қайрат Әзімбаевтың айтуынша, аудандағы ЖҚС қожайындарымен бекітілген баға жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Жеке кәсіпкерлік атауы

Ауыл атауы

Жанармай бағасы

1

«Молтушынова» ЖК

Күршім

АИ-92/93 маркалы бензин 182 теңгеден босатылуда

2

«Тердікбаева» ЖК

Күршім

Қазір осы жеке кәсіпкерліктер жанар-жағармай саудалауларын жалғастыруда. Қалған бес ЖҚС қожайындары төмен бағада сата алмағандықтан жұмыстарын уақытша тоқтатты.

Сұраухат жауабында ҚР Энергетика министірінің биыл қаңтар айында берген бұйрығына сәйкес Шығыс, Солтүстік және Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай облыстарына қатысты мынадай тізім ұсынылды:

Бензин маркасы/отын түрі

Көлемі

Бағасы

1

АИ-80

Бір литр

89 теңге

2

АИ-92

Бір литр

182 теңге

3

АИ-93

Бір литр

182 теңге

4

Дизел отыны

Бір литр

260 теңгеден аспауы тиіс

– Қаңтар айында аудан әкімдігі облыстық операторлармен хабарласып, бүгінде жанар-жағармай толайым бағасының, соның ішінде «Штиф» ЖШС-да литрі – 175, «ҚазМұнайГаз» ЖШС-да литрі 172 теңге екені анықталды, – деді Қайрат Зайнолдабекұлы. – Ауданда жанар-жағармай сататын операторлардың филиалдары жоқ болғандықтан мұнымен тек кәсіпкерлер айналысуда. Бүгінде республика бойынша жанар-жағармай сатуға белгіленген бағамен (182 теңге) операторлардың толайым бағасының айырмашылығы 7-10 теңгені құрайды. Бұл жеке кәсіпкерлердің Күршімге дейін тасымаладу үшін жалдаған транспорттық шығынын да (1 литрі 17 теңге) ақтамайды.

Жұмыс жүргізілуде…

Бұған қарап, аудан басшылығының шығынға ұшыраған іскер азаматтардың мәселесін жіті түсініп отырғандандарын байқаймыз. Дегенмен бұдан шығын өтелмесі белгілі. Анығы сол, бүгінде ЖҚС қожайындарының шығындарын қалыптастыру механизмін қарастыру туралы облыстық басқармамен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жүргізіліп қана қоймай, жуық арада біржақты етілсе таразы басы сәл де болсын теңесетіндей. Бір жағынан, аудан орталығынан шамамен 250 шақырым жерде орын тепкен Ұранхай ауылына апарып, 182 теңгеден сату айтарлықтай пайда әкелмесі анық. Осы ретте Жолымхан Нұрымовтың осы уақытқа дейін 513360 теңге шығын көргенін айта кетейік.

– ЖҚС қожайындарының мәліметінше, кететін шығын есептелетін болса онда бір литр бензин үшін 24,66 теңгеден 31,66 теңгеге өспек. Өскемендегі жанар-жағармай қоймаларында АИ-92/93 бензинінің толайым сауда бағасы 172-175 теңге аралығында, – деді әкімдіктегілер.

***

Бір-екі аптада шешіле қоймайтыны анық бұның. Әйтсе де өңір басшысының орынбасары Нұржан Жұмаділовке, ШҚО Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ернар Мұстафинге аудан әкімінің атынан жолданған №37 хат құр босқа жазылмаған болар. Президент бұйрығының орындалғаны әлбетте, орынды. Дегенмен тұрғындарға қолжетімді бағада жанармай саудалап отырған кәсіпкерлердің жанайқайы да ескерілгені ләзім.