Мамандандырылған сотта «Сот кабинеті» жүйесінің мобильді қосымшасы туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді

441
көрілім

ШҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы М. О. Байжумановамен Қазақстан Республикасы Президентінің 20 қараша 2016 жылғы Қазақстан Республикасы судьяларының VIІ съезінде тапсырған тапсырмасын орындау мақсатында, сот жүйесін ақпараттандыру, жобалы жұмыстарды жүзеге асыру бойынша сотқа келген азаматтарға және сотқа қатысушы тараптарға «Сот кабинеті» жүйесінің және оның мобильді қосымшасының жұмысы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

М. О. Байжуманова өз сөзінде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» сервисі электронды іс-қимыл арқылы сот өндірісін жеңілдетуге, сондай-ақ сот жүйесінің жеделдігін, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған жөнінде айтып, 2017 жылдан бастап сотта мобильды сот кабинеті сервисы іске қосылды, яғни тараптар сотқа келмей интернетке қосылған мобильды құрылғы арқылы сот процесіне қатыса алатынын, тіркелу үшін қолданушының ЖТН және мобильді телефонның номері қажет, алдын ала сот кабинетін қолдану туралы келісіміне қол қояды. Тіркелу үшін көрсетілген телефон номеріне хабарлама арқылы құпия сөз келеді, деп нұсқаулығын түсіндірді.

Сонымен қатар, бас маманы, сот отырысының хатшысы М. О. Байжуманова келген азаматтарға мобильдік сот кабинетінің жағымды жақтарын оның ішінде, аталған сервис арқылы Сот жүйесіндегі жаңалықтармен танысу, онлайн түрінде тағайындалған сот отырысы туралы ақпараттар алу және Сот кабинеті веб-сервисі арқылы сот органына жолданған барлық құжаттарды телефон құрылғысына жүктеу, сот органына жолдаған сот құжаттарының мән-жайын бақылау, хабарлама арқылы мәтіндермен алмасу мүмкіншіліктерін атап өтті.

Сотқа қатысушы тараптарға сот қызметкерлері қағаз жүзіндегі нұсқаулықты таратып, қосылған жүйе бойынша қойылған сауалдарға жауап берді.