Марқакөлде бір топ браконьерлерден қару тәркіленді

328
көрілім

Өскемен қалалық Қазәуеорманкүзеті әуе бөлімінің мамандары табиғат қорғау полицейлерімен бірігіп қорғалатын аймаққа рейдтік шаралар ұйымдастырып, бірқатар заңбұзушылықтарды тіркеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

7 қазан күні әуе рейді кезінде қызыл кітапқа енген балық түрін рұқсатсыз аулау бойынша оқиға анықталды. Аталған жағдайға байланысты барлық материалдар Алтай қаласына қылмыстық іс қозғауға жіберілген.

Дәл осы күні Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тағы ды заңсыз балық аулаушылар тобы ұсталған. Оқиға орнында Теректі ауылдық полиция бөлімінің жасағы тексеру жүргізіп, балық аулау құралдары мен арнайы тіркеуде жоқ қаруды тәркіледі.