Мемлекет пен дін қатынасының өзектілігі

368
көрілім

Қазақстанда дін мен мемлекеттің ара қатынасы заңдық негізде реттелген деуге толық негіз бар. Әрбір діни мәселе оңтайлы шешімін тауып келе жатқандығы осының айғағы болса керек. Еліміз зайырлы мемлекет болғандықтан зайырлылық талаптары сақтай отырып, адамдардың діни, сенім бостандығына ерік берілген.

Елбасы Н.Назарбаев бұл туралы: «Зайырлы мемлекет пен қоғам бұл – біздің тарихи таңдауымыз. Зайырлы атеистік дегенді білдірмейді. Зайырлы дегеніміз бұл – озық, толерантты, ашық қоғам. Біз дәстүрлі діндерге қолдау көрсетіп, кез келген экстремизм түрін үзілді-кесілді мойындамаймыз. Жастарды радикалды діни ағымдардан қорғауымыз қажеттігіне сенімдімін. Сондықтан, Қазақстанның діни қайраткерлері бұл жолда жұмыс атқарады деп ойлаймын» деп айырықша атап көрсеткен болатын.

Бүгінгі таңда дін мемлекеттен бөлек болғанымен халықтың тұрмыс тіршілігінен, салт-санасынан бөліне алмайтындығы ақиқат. Бұл орайда зайырлылық деген ұғымның бір ұшы мемлекеттің дінге деген көзқарасы мен ұстанымының демократиялық қағидаларға негізделгендігін көрсетеді.

Мемлекет пен дін арасында зайырлылық қағидалары мен оның талаптары орнығып, сол арқылы дін рухани мәдениет дәрежесіне көтерілді.

Дін қоғамдағы адамгершілік құндылықтардың дамуына, салтанат құруына, бейбітшіліктің нығаюына өз үлесін қосып келеді. Дін арқылы өркениет пен мәдениет сан ғасырлар бойы дамып келген десек, қателеспейміз.

Бүгінгі таңда дін тек рәсімдер мен жоралғылардың жиынтығы ғана адам  санасына рухани құндылықтар, адамгершілік қағидаларын орнықтыратын, қоғамдағы қалыпты тұрақтылықты қамтамасыз етуде белгілі дәрежедегі факторға ие күш екендігі белігілі болып отыр.

Қазіргі таңда еліміздегі дәстүрлі діндер қоғамдағы баянды бейбітшілікті тұрақты ету жолында қызмет етіп отыр.

 

Даулет Қабидолдин

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ЖШС