Оқушыларға мектепте ұялы телефон ұстауға тыйым салынады: заң қабылданды

424
көрілім
Фото: koriphey.ru сайтынан

Сенат білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды мақұлдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Заң жобасын мәжіліс депутаттары әзірлеген. Заңды қабылдаудағы негізгі мақсат - білім беру саласындағы және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіру дейді сенаторлар.

Заң жетім балалар үшін тәлімгерлік институтын енгізуді, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және білім беру ұйымдарының басқару еркіндігін кеңейтуді көздейді.  

Бірінші, жергілікті әкімдіктер білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тиісті аумақтың білім беруді дамыту жоспарының жобасын әзірлеу және оны мәслихаттың бекітуіне ұсынады. 

Екіншіден, балалардың қауіпсіздігі үшін терезелерді қауіпсіздік құлыптарымен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы норма ұсынылған.

Үшіншіден, арнайы білім беру ұйымдарындағы жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өз бетінше өмір сүруге дайындалуына жеке қолдау мен көмек көрсетуге бағытталған тәлімгерлік қызметін енгізу қаралып отыр. 

Төртінші, оқу процесінде ұялы телефондарды пайдалануға шек қоюды енгізу, тестілеусіз бірінші сыныпқа қабылдау, балабақшаларға орын беру бойынша бірыңғай кезектілікті қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықты насихаттайтын, діни сипаттағы ақпараттың таралуына жол бермеу және суицидке шақыруды болдырмау шараларын қабылдауды көздейтін нормалар ұсынылған. 

Бесінші, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың қызметін лицензиялау тәртібіне өзгерістер енгізеді. Осы ұйымдарда медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық білім беру бағдарламаларын іске асыруға қашықтықтан оқытуға жол бермеу көзделеді.

Ұялы телефон жайлы

Сондай-ақ, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларына әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, қаржы жылы ішінде бір рет қана өзгертуге құқық беру туралы нормалар беріліп отыр.

– Білім алушылардың оқу процесінде ұялы телефондарды пайдалануға заң жүзінде тыйым салу ұсынылып отыр. Мұнда тәжірибе PISA халықаралық жобаларында жоғары ұпай жинаған бірқатар елдерде бар. Бұл нормалардың қолданысқа енгізілуі білім берудің ұлттық жүйесінің тиімділігін одан ары күшейтуге және білім беру саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіруге бағытталған, – дейді сенатор Талғат Жүнісов.