Өскемен қаласында көтерме сауда орталығы бой көтермек

272
көрілім

Ағымдағы жылы Өскемен қаласында көтерме сауда орталығының құрылысы жоспарланып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар тұрғындар алдында есеп берген сәтінде айтып өтті.

ШҚО-да мал шаруашылығы бағытындағы аудандар ет, сүт шығарудан алдыңғы орында екені белгілі. Енлігі мақсат өндірілген шикізатты өңдеп, облыс орталығында жаппай саудалауға мүмкіндік жасалмақ.

- Аудандарда өндірілетін өнімдерді қалаға әкеп сату, экспортқа шығару үшін ыңғайлы бір орын керек. Бұл орайды Өскемен шаhары қолацлы орталық деп атауға болады. Ауылшаруашылық өнімдерін Ресейге, Қытайға экспорттауға болады. Осы мүмкіндікті пайдалану үшін Жібек жолы даңғылының бойынан ауқымды кешеннің құрылысын жоспарлап отырмыз, - деді Жасқылық Омар.

Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі Жақсылық Омар күні кеше Жібек маталар комбинаты ықшам ауданының тұрғындары алдында есеп берді. Сондай-ақ осы апта бойы қала тұрғындары алдында есеп бермек.

Келесі кездесулер кестесі төмендегідей:

4 ақпан – №49 Ахмер орта мектебі, сағат 15.00-де;

5 ақпан - Оқушылар шығармашылық сарайы, сағат 15.00-де;
6 ақпан – Металлургтер мәдениет сарайы, сағат 15.00-де;
7 ақпан - № 23 орта мектебі, сағат 15.00-де.