Өскемен қаласында мектеп жәрмеңкесі болмайтын болды

289
көрілім

Бүгін облыс орталығындағы Республика алаңында ауа райына байланысты мектеп жәрмеңкесі болмайды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.   


– 20 тамызға жоспарланған жәрмеңке қолайсыз күн райының салдарынан тоқтатылды, – деп хабарлады қала әкімдігі.
Ескерте кетейік, кеңсе тауарлары мен мектеп формасының сатылымы қаладағы басты алаңда 19-25 тамыз күндері сағат 17.00 ден 21.00-ге дейін жоспарланған еді.