Өскемен қаласындағы «Қазақстан» тауына ағаш көшеттері отырғызылады

627
көрілім

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қала тұрғындарын 20 мамырда «Халық Орманы» атты акцияға атсалысуға шақырады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Акция сағат 10:00 уақытында басталады. Ағаш көшеттері Мемлекеттік рәміздер тауының етегіне отырғызылады.

Қаланың экологиясын жақсартуға үлес қосқысы келген барлық қала тұрғындарын, жастарды ағаш отырғызу акциясына шақырамыз. Акцияға қатысушыларға басқарма тарапына сыйлыққа көшеттер беріледі, – деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.