Өскемен қаласының полицейлері нашақорлар жиналатын пәтерді анықтады

671
көрілім

Өскемен қалалық ІІБ-нің есірткі бизнесіне қарсы күрес жүргізу бөлімінің қызметкерлері Новаторов көшесіндегі нашақорлар жиналатын пәтерді анықтады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Тәртіп сақшылары тексеру барысында 10-ға жуық қолданылған шприцтерді, ішінде есірткі заты сақталған бос құтыларды, тампондар мен есіркі дайындауға арналған ыдыстарды тапқан.

Осыған дейін сотты болған өзі де есірткі қолданатын 48 жастағы пәтер иесіне қатысты ҚР ҚК-нің 302-бабы бойынша (нашақорлар жиналатын орынды ұйымдастыру) қылмыстық іс қозғалды.