Өскемен қаласының тұрғындары қоқыстан адамның мүрдесін тауып алды

1086
көрілім

Мүрдені Космический көшесіндегі үйлердің тұрғындары қоқыс жәшігінен тауып алған. Полиция қызметкерлері өлтірілген қала тұрғынының ісіне қатысты күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Көргендердің айтуынша, әйелдің денесі Космический көшесі №5 үйдің маңындағы қоқыс жәшігінен табылған. Қайтыс болған әйелдің денесінен зорлық белгілері анықталған. Қала тұрғындары полиция шақырып, көп кешікпей күдікті қолға түскен. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері анықтағандай, 64 жастағы ер адам үйінде әйелді пышақтап өлтірген көрінеді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүрігізіліп жатыр.

Фотосурет: yk-news.kz