Өскемен көшелеріндегі жөндеу жұмыстары кезінде түбірімен кесілген ағаштардың орнына басқа ағаштар отырғызыла ма?

541
көрілім
Өскемен көшелерін қайта жөндеу жұмыстары кезінде көп ағаштар түбірімен кесіп тасталды. Мен қаламыздағы жасыл желектің жағдайына қатты алаңдаймын. Сол кесілген ағаштардың орнына қарағай, емен немесе басқа көшеттер отырғызыла ма?
Мейрамгүл Қ.

Сіздің сауалыңызға қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асқар Жақсылықов жауап береді:

Қазіргі уақытта келесі көшелерге қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде: Сәтпаев даңғылы, Славский атындағы жағалау, Тоғас, Астана, Протозанов, Жібек жолы көшелері. Бұл көшелердің барлығына жаңа ағаштар отырғызылмақ. Тиісті жұмыстар күз мезгілінен басталып көктемге дейін жалғасатын болады. Сонымен қатар, жасыл желектер Комендантка өзені мен ЖМК-ның Маркс даңғылы және ШҚО Драма театрының жанындағы «Нұрлы жол» саябағына да егілетін болады.